Loading
АвторСообщение



Пост N: 4
Зарегистрирован: 09.06.10
ссылка на сообщение  Отправлено: 26.07.10 13:35. Заголовок: Асау-Барақ


БАРАҚ БАТЫР

Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан.

Үстірттің Сам құмында дүниеге келген.

Барақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шыққан.

18 ғасырдың 70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысқан. 1785-1792 жылдар аралығында Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күрес басшыларының қатарында болған.

Сырымның жақын серігі Барақ батыр үш мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізген. Орал әскери рапортында Барақ батырдың екі мың жасағы үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Барақ батырдың әскери күші туралы барон О.Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында айтылады. Барақ батырдың тегеуірінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді. Ол Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеген.

Барақтың есімі табын руының ұранына айналған. Оның ерліктері «Барақ батыр» тарихи дастанына арқау болған.

Барақ Сатыбалдыұлының ұлы Асау мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған. Барақ батыр мен Асау батыр Сам құмында Тұрыш ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде жерленген. 1993 жылы Барақ батырдың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылған.

Спасибо: 0 
ПрофильЦитата Ответить
Ответов - 2 [только новые]





Пост N: 5
Зарегистрирован: 09.06.10
ссылка на сообщение  Отправлено: 26.07.10 14:14. Заголовок: Асау-Барак


БАРАК БАТЫР
Барак Сатыбалдыулы (1743-1840) батыр, один из руководителей национально-освободительного движения казахов Младшего жуза. Выходец из рода Табын (Жетыру) Младшего жуза.

Барак стал известен в народе с восемнадцати лет, когда одержал победу в поединке с торгутским батыром Алакобиком. В семидесятые годы ХVІІІ века, Барак батыр возглавив отряд шомишты-табын, участвовал в сражениях с калмыками на берегах Едила и Жайыка. В 1785-1792 годы был один из руководителей движения Сырыма Датова.

Сподвижник Сырым батыра Барак Сатыбалдыулы с тремя тысячами войском вел ожестаченные бои близ Оренбургской крепости с карательными отрядами царского правительства. Об упорстве и силе войск Барак батыра писал барон О.Игельстром в письме императице Екатерине ІІ.

Ему посвящена историческая поэма «Батыр Барак». Сын Барака Сатыбалдыулы Асау и внук Даут - известные батыры.

Батыры Барак и Асау похоронены в 15 километрах к Юго-Востоку от аула Турыш. В 1993 году построен мавзолей в честь Барака Сатыбалдыулы.

Источник:

Казахстан, национальная энциклопедия, 1 том

Спасибо: 0 
ПрофильЦитата Ответить



Пост N: 6
Зарегистрирован: 09.06.10
ссылка на сообщение  Отправлено: 26.07.10 14:17. Заголовок: БАРАҚ БАТЫР..


БАРАҚ БАТЫРҒА БАҒЫШТАЛАДЫ

Бабалар есімін жаңғыртып, ұлағатын ұрпаққа мирас ету - әр буынның асыл міндеті. Елдіктің қадірін ерлік арқылы білген қазақ аманатқа адал. Ұран болып қалған аталар атағын қашан да асқақ ұстайды. Сөзімізге дәлел, биыл Бейнеудегі Барақ батыр бейітінің қарсы алдына «Асау-Барақ ата» мешіті соғылған болатын. Енді бір санаулы күндерден кейін сол мешіт салтанатты түрде ашылмақ. «...Кіші жүзге найза бер де, жауға қой». Кіші жүз ұлысындағы Жетірудың бі-рі - Табын болса, Барақ батыр осы Табынның Бозымынан тараған. Тарихи деректерге сүйенсек, Барақ Сатыбалдыұлы 1743 жылы туған. Жері мен елі үшін қасқая күресіп, қаһармандықпен өмір кешкен ерлердің бірі. Қазақ жеріне көзін алайтып, ұлын құл, қызын күң еткісі келген қалмақтарға қарсы тұрған баһадүр.
Тарих беттеріне жүгінсек, Барақ батыр өз кезеңінде халық басына төнген үш ірі оқиғада топ жарып, қол бастаған. Алдымен, жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы күресті. Екінші, патша отаршылдығына төтеп берді. Үшінші оқиға дейтініміз, етектен жабысып, аяқтан шалатын ішкі алауыздық қасіреті.
1600 жылдардың басында Моңғол мемлекетінен бөлініп, Жоңғар тауларының шығыс етегіне қоныстанған тайпалар «жоңғарлар» атанса, кейін олардың Еділ мен Жайық ортасына орналасқан бөлігі «Еділ қалмақтары» атанып кеткен. Барақ батыр Алакөбік бастаған осы Еділ қалмақтарымен соғысқан. Бейбіт жатқан қазаққа қырғидай тиген қалмақтың батырын жекпе-жекте тізе бүктіріп, жеңіске жеткен. Он сегіз жасар батырдың бұл ерлігі тарихи жырда былайша суреттеледі:
...Мінді батыр күшіне.
Тұрсын қарап несіне?
Қылышты көзі көрген соң,
Беліндегі ақ алмас
Сонда түсті есіне.
Кәміл пірге сыйынып,
Суырды белден алмасын.
Қиялай тартып қылышпен,
Екі бөлді кеудесін.
Тастады кесіп кәлласын.
Қалмақ аттан құлады,
Ұзынынан сұлады.
Шын алтыннан соқтырған
Дулығасы бар екен,
Еңкейіп аттан, алады.
Қанаты бар қара атты
Қосарлап батыр шабады.
«Батырың болса келің!» - деп,
Қалмаққа қарсы тұрады.
Алакөбікті өлтіріп,
Басына бақыт қонады...
Барақ батырдың мұнан басқа да ерліктері ел аузында қалған. Зерттеліп, зерделенбей қалған деректер араға жылдар салып оралды.
Батыр денесі бұрын Ақтөбенің Байғанин ауданына қараған, қазір Маңғыстаудың Бейнеуінде, Сам құмында жатыр. 1993 жылы, яғни батырдың 250 жылдығына орай Мақсат шебер Нұрақовтың жетекшілігімен күмбезді кесене тұрғызылған.
Биыл сол кесененің қарсы алдынан «Асау-Барақ ата» мешіті бой көтерді. Асау - Барақтың батыр ұлы. Бірде көріпкелдігімен де елге танылған Бекет ата Барақ батырға: «Сенің батырлығың үшінші ұрпағыңа дейін жетеді», - деп болжам айтыпты. Расында батырдың баласы Асау да, немересі Дәуіт те елдің бетін, жердің шетін бөгденің найзасына шалдырмай, қызғыштай қорыған жауынгер, ер жүрек батыр атанған.
«Ел тәуелсіздігі жолында есесі кетсе де, еңсесі басылмаған, бастарынан талай нәубет өтсе де, жансауғалап намысын бойдан қашырмаған қаһармандық рухтың бір белгісі - найзаұшы бізге тәбәрік! Бұл белгі - ұрпаққа үлгі, елге - мұра қылар ерліктің рәмізі ғана емес, сондай-ақ, бүгінгі тәуелсіз тұрмыс, азат өміріміз үшін арпалысып өткен есіл ерлерді естен шығармауды, есімдерін ардақтап, асқақтатуды міндеттейтін қастерлі жәдігер. Өкінішке орай, елдің, ертеңгі ұрпақтың еркін өмір сүруі үшін анталаған жаумен айқасып, жандарын пида еткен небір боздақтардың есімдері мен ерлік істері ауызға алынбай, жадымыздан өшіп бара жатқаны рас. Жалпы, өмірі мен өнегелі істері зерттеушілердің назарына ілікпей, ұмыт болып бара жатқан азаматтардың жай ғана батыр емес, ұлт азаттығы, халық теңдігі жолында жанын жалау етіп, қол бастаған тұлғалар екендігін болашақ ұрпаққа жеткізу біздің перзенттік борышымыз. Осы орайда, аттары ұранға айналған батыр бабаларымыздың рухын асқақтатып, ел ықыласына бөленген ерлердің әруақтарына перзенттік тағзым көрсету ниетімен, бір топ маңғыстаулық азаматтардың бастамасымен «Асау-Барақ ата» мешітінің ашылуына арналған ас ұйымдастырылып отыр.
Мешіт құрылысы көпшілік халықтың өз күшімен жүргізілді. Оның ашылу салтанатына республикаға танымал тұлғалар шақырылып отыр. Ас беріліп, ата рухына тағзым етіледі. Арнау өлеңдер мен жыр-термелер айтылады. Ұлттық және спорттық ойын-сауық түрлері құрылады. Маңғыстау облысы және Бейнеу ауданы әкімдігінің қолдауымен, салтанатты шара арнаулы қызмет (жедел жәрдем, өрт сөндіру, тәртіп сақтау, т.б.) көлік-топтарымен қамтамасыз етілмек.
Исі қазаққа ортақ батыр бабаларымызға арнап өткізілгелі жатқан шараға баршамыз бірге атсалысып, батыр бабаларымыздың рухына құрмет көрсетуге шақырамыз!» - дейді ұйымдастыру алқасының мүшелері.

Өтетін жері: Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылы, 25-26 маусым 2010 жыл.

Спасибо: 0 
ПрофильЦитата Ответить
Ответ:
1 2 3 4 5 6 7 8 9
видео с youtube.com картинка из интернета картинка с компьютера ссылка файл с компьютера русская клавиатура транслитератор  цитата  кавычки оффтопик свернутый текст

показывать это сообщение только модераторам
не делать ссылки активными
Имя, пароль:      зарегистрироваться    
Тему читают:
- участник сейчас на форуме
- участник вне форума
Все даты в формате GMT  6 час. Хитов сегодня: 20
Права: смайлы да, картинки да, шрифты нет, голосования нет
аватары да, автозамена ссылок вкл, премодерация откл, правка нет



Яндекс цитирования
Новости Форума история Казахстана

Подписаться письмом